Адам сенгісіз жайттар: жануарлар да сөйлесе алады екен...

Адам сенгісіз жайттар: жануарлар да сөйлесе алады екен...

Жер бетінде өмір сүріп келе жатқан тіршілік атаулының бәрінің өз тілдері бар. Әттең, солардың тілін түсінетін аудармашы табылмай отыр ғой. Мүмкін, өзіміз де түсініп көрерміз. Алайда, «маған қорқынышты!», «Мен сені өлтірем!» немесе «Мен де жейін де!» секілді бірнеше сөзді түсінудің еш қиындығы жоқ емес пе?! Ең бастысы, олар біздер секілді өсек айтпайды, біздер секілді өтірік алдап, бәске түспейді.

Сөйтсек, олар деген....

Жерасты суырлары сіздің сыртқы келбетіңіз туралы айта алатын болып шықты

Жерасты суырлары – жер астында өмір сүретін сандары миллионнан аса сүрініп жататын ең сөзшең тіршілік иелері. Олар бір-бірімен қатты үру арқылы немесе қыңсылау арқалы тілдеседі.

Егер сіз де кездейсоқ осы бір тіршілік иелерінің жанынан өтіп бара жатқанда қыңсылаған дауыстарды ести қалсаңыз, онда сіз туралы әңгімелесіп жатқаны.

Суырлардың осы түрінің тілінің күрделі болғандығы сондай, жекелеген сөздер кездеседі. Мәселен, жерастының иелері келе жатқан жыртқыш туралы ескертумен шектелмей, оған қоса, қай түрге жататынын да дөп басып айтады. Бір тілмен айтқанда, өздеріне ғана тән ерекше дыбыстар бар. Мысалы, «Адам келе жатыр!» деген сияқты.

Сонымен қатар суырлардың сигналдары  келе жатқан адамның (мысалы) қандай жан екенін және сол туралы ақпараттарды толықтай мәлім қылады. Бір зерттеулерде суырлар алмасқан сигналдарда келе жатқан адамның қай түстегі көйлек кигені, қаншалықты жылдамдықпен бағыт алғаны, бойының қысқалығы мен ұзындығы – бәрісін-бәрі толықтай хабарланады деп болжам жасалды.

Қысқасы, кішкентай суырлардың тілдері тиіндер тобына жататын туыстастарды былай қойып, дельфин мен шимпанзелерден де әлдеқайда артық екен.

Солтүстік Аризон университетінің профессоры Кон Слободчиковтың кішкентай суырларды зерттеп жүргеніне отыз жылдың көлемі болыпты. Және қарт ғалым аталған тішілік иелерінің тілін бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіріп береді: «Бізге қарай арықша келген ұзын бойы жасыл көйлекті бір адам келе жатыр. Міне, бізге де жақындап қалды».

Әшекейленген малюрлар жыртқышпен диалогқа түседі (мекиеннің назарын аударту үшін)

Австралияда мекен ететін бұл құстарға бүкіл жыртқыш біткен аңшылық жасайды. Әсіресе, торғай тұқымдастарына жататын құстардың жаулығы ерекше.

Қитұрқы әдісті жіті меңгерген малюрлар өзінің жемтігін өсіп тұрған ағаш секілді дүниелердің тікенегіне жаншып өлтіреді. Онысы өздеріне тәтті болып көрінері сөзсіз.

Ал енді малюрлар жыртқыш құстар жолыққанда қайтеді? Тығыла ма? Жоқ болып кете ме? Бұның біреуі де орын алмайды!

Торғай тұқымдастарға жататын жыртқыш құстар аңшылық қуып жүріп малюрларға кезігеді. Жемтігін танып тұрған олар өлім алдындағы қуаныш әнін сала бастайды. Осы кезде малюрлар да қарап қалмастың керін келтіріп, жыртқыштың «әнінің» аясында бірге әндетеді. Әрине, екі құстың дауысы бір көмекейден шығып жатқандай әсер қалдырады екен.

Бұл қылықты не үшін істейді екен? Бұл кез келген еркек құстардың мекиендердің назарын аударту үшін жасайтын қылығы. Әрине, бірінші кезекте жыртқыштың алдында жүректілігін көрсетіп, мекиеннің алдында сенімділікті танытады.

Әдіс пен айланы күні бұрын жоспарлаудың арқасында аңшыны еш қиындықсыз қақпанға түсіреді....

Жұлдызқұрттар – тәтті әнмен алдаушылар

Жұлдызқұрттар өздерін өлтірмеудің мәңгілік кепілдемесін жасап алғандай. Өйткені, аталған жәндіктің басында «ерін» орналасқан. Міне осы еріннің арқасында құмырсқалардың шешелері шығаратын дауысты шығарып, қорекке шыққан жәндіктерді алдап соғады.

Жаңа илеуге өтіп алған соң корольдік мекенге де жетеді. Бүкіл құмырсқалардың санасын әлгі «ерін» арқылы бір арнада ұйытып, мәңгілік билік құрады.

Бір қызығы, олар бұл қылықты немесе қасиетті адамдардан үйреніп алғандай...

Перуандық құмырсқажегіштер қызғаныш қойылымын қояды

Перуандық құмырсқажегіштер жұптарымен шектеулі ғана аймақта өмір сүреді. Күндердің күні осы аймаққа белгісіз бір құс келеді дейік. Және аталған аймақтың жұптары бақытты ортадан бір артық орын табылмайды деп ән салысады. Жамырасып кеткен ән көлденең көк аттыға түсінік барда кеткенін қалайды.

Бір уақытта мекиен ( әлгінде келген ұрғашы құс) білмегенсіп, арлы-берлі ұшып жүреді. Осы уақытта еркек құстардың бірінің ындыны мүлде бұзыла бастайды. Ол жаңа ғана айтып тұрған әдемі әнін «бозбалалық» әнге ұластырып, мүлдем басқаша тіл қатады.

Жұбайы болса, отбасылық бірліктің шытынап бара жатқанын көріп, дауыстата ән сала бастайды. Дірілдеп айтқан ән керемет естілгенмен, ері бұл уақытта ес-түстен айырылып, «өлдім» мен «күйдімнің» арасында басы қалады.

Ең қызығы сол, отбасылық дау-жанжалдың нағыз қызығы мен шыжығы содан кейін орын алады...

Геккон тамаққа тапсырыс береді

Біз сияқты мадагаскарлық геккондар да «дайын асқа тік қасық» ұстамын жақсы көретін болып шықты. Олар да біздер сияқты дайын тамақ жасайтындарды да біледі. Олар – бізқоңыздар.

Қоңыздардың осы түрі ағаш арасына еніп кетіп, ағаш сөлін ішіп үйренген. Содан кейін араға аз уақыт салып барып шырын бөліп шығарады. Атауы – «шіре». Ал геккондар үшін бұл таптырмас ас. Әрине, бәріне де қарамастан тапсырыс беруге жандарын салады:

Геккон жәндіктерга жақын келіп, мәдениетті түрде басын арлы-берлі теңселтеді. Өз кезегінде тапсырыс алып үйреніп қалған қоңыздар «тапсырыс қабылданды, күтіңіз!» деп, қас-қағым сәтте геккондардың аузына  әлгі шырындарды ата бастайды. Атқанда да дөп барып түсіреді.

сурет:chudesamag.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига