Адам қолымен жасалған ғаламат

Флай гейзері (фонтан болып шапшып ататын ыстық су) - аса танымал емес туристік мекен, тіпті, ол туралы жергілікті тұрғындардың өзі аз біледі. Жалпы, Флайдың әлем халықтарына белгілі болғандығына (1960 жылдардан бері) да көп уақыт болған жоқ.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана осы бір табиғат тамашасы туралы танымал журналдардың бірі шағын материал жазып, бір-екі суреттерін жариялайды. Мұны көрген қалың бұқара қатты таңырқап, гейзерге қызығушылық таныта бастайды. Оның қыр-сырын ашу үшін жұмыс істейтін арнайы топ құрылады. Нәтижесінде, гейзердің адам қолымен жасалғандығы, оның ұзындығы бар болғаны бір жарым метрді ғана құрайтындығы анықталады. Ол ешқандай да табиғи құбылыс емес, 1914 жылы осы өңірдегі саңылауларды бұрғылау нәтижесінде пайда болған сұлулық.

Бір қызығы - Флай гейзері күн өткен сайын өсу үстінде екен.

Флай бүгінде планетамыздың ең көрікті гейзерлерінің көшін бастап тұр.

Әңгімемізге арқау болып отырған гейзер жекеменшік қыстақтың аумағында жатыр. Бүгінде оның қожайыны - Тодд Джесик есімді азамат. Тамаша көріністің куәгері болғыңыз келсе, жерасты жолдарымен жүруіңізге тура келеді. Жеткен күнде де, Флайдың жан-жағы биік дарбазалармен қоршалғандықтан, оны көру қиындыққа соғады.

Мұндай кедергілерге қарамастан, туристер гейзерге келуін тоқтатқан емес. Бірнеше халықаралық ұйымдар аумақты сатып алуға тырысқандығымен, қожайын еш келіспеген көрінеді.

Флай гейзері Неваданың Герлах қаласынан 32 шақырым жерде орналасқан. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EgVuOmx59gM","width":"425","height":"350"});

Суреттер:astlena.livejournal.com,exoticatravel.ru,travel.tickets.uа,abc-24.info

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева