Атақты Radiohead тобының фронтмені, музыкант Том Йорк Hands off the Antarctic, яғни, Антарктикадан қолыңды тарт әнін таныстырды. Атауынан белгілі болғандай, жабайы табиғатты қорғаушы Гринпис ұйымымен бірлесе шығарылған ән Антарктика әлемін сақтап қалуды көздейді. Гринпис Youtube каналындағы музыкалық видеода арктикалық табиғат бейнелері көрсетіледі. Бұл кадрлардың барлығы ұйым миссиясына қатысатын Arctic Sunrice кемесінен түсірілген. Жер-Ананың қойнауындағы кейбір мекендер адам қолы тимеген, жабайы күйінде сақталуы тиіс деп есептеймін,- деді Том Йорк The Independent басылымына берген сұхбатында.