- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Адам қиялының шарықтау...
Адам қиялының шарықтау жолы - ұйқысырау
Адам қиялының шарықтау жолы - ұйқысырау. Және ішімдік. "Пруст нейробиолог болған", "Біз қалай шешім қабылдаймыз" кітаптарының авторы, Scientific American Mind-тің журналисі Джон Лерер осылай дейді. Ол жасаған адам шығармашылығының қарым-қабілетіне байланысты зерттеулер нәтижесі бойынша : ұйқының аздығы мен ішімдік шығармашылық мәселелерді тез шешуге көмектеседі екен.
Ал, енді сіз төмендегі математикалық теңдеу шындыққа айналуы үшін бір сызықты былайша қозғалтыңыз.
IV = III + III
Жеңіл ме? Бәрі де есепті шешу амалыңызға байланысты. Ол үшін сомасы өзгерсе болды. «I» біріншіні «V»-дан оңға таман орналастыру шарт. Сонда бәрі басқаша болады: VI = III + III. Аталған есепті көпшілік адамның 92 %-ы шеше алады. Оның ішіне бас ауруына шалдыққан (ішімдікті қажет ететіндер мен ұйқыны ұмытқандар) науқастарды да қосыңыз.
Ал енді қиын есеп.
Бұны дені сау адамдардың 43 %-ы, және күтім жетіспейтін науқастардың 82 %-ы шеше алған. Қалғандары рим сандарымен-ақ тоқтап қалыпты. Сонда қалай? Зақымдалған ми қиын есептерді шығаруда қабілетті болғаны ма? Сынап көруге болатын әдістер бар. Соңғы көрсетілімде (есепті) таңбаларды +90 градуста тікеден-тік айналдыру қажет. " = " осылай болып шығады. Нәтижесі: III = III = III. Стандартты математикалық есептер таңбаларға емес, сандарға құрылған. Танымдық қасиеті жоғары науқастар есепке басқа қырынан қарап, оны шешудің басқаша нұсқаларын ойластыратын болып шықты. Ондай ізденістер ғылымдағы жаңалықтардың тууына да алып келген.
Шүбәсіз, сізге міндетті түрде шарап іш демейміз?! Ең бастысы, кез келген дүниеге жіті назар аудару қажет. Сонда да ми бөлігі зақымдалған адамдардың көзге елестету қабілеті мен таным-түйсігі қызықтау келеді екен. Олар керек емес майда-шүйделерге де назар аударады. Олар көп нәрсеге сенгіш келеді. Зерттеу бойынша, адамға өз ойын басқара алмаған жағдайда, тез шешім табу түк те қиын емес екен. Бұның бәрі жаңа зерттеулерге алып келді. Альбин колледжінде Марейкой Витт атты ғалым зерттеу жасады. Ол 428 студентке сауалнама жүргізген. Қай уақытта жақсы сезінесіздер дегенге, көпшілігі түнгі уақытты айтыпты. (Тағы да таңғы лекцияларға барғылары келмейді екен). Содан соң студенттерге тест ұсыныпты. Көбісі жеке түйсікке сүйеніпті. Сұрақ мынадай:" Мари мен Маргарита бір айда, бір күнде туылған, және бір ата-анадан. Бірақ, олар екеу емес. Бұл қалайша?" Сөйтсе, олар үшем екен. Екінші бір бөлікке аналитикалық сауалдар жолданған. Сұрақ жауаптары түйсікке негізделмеген. Тікелей таным мен тапқырлыққа байланысты қойылған. Әр сұраққа 4 минуттан берілген. Студенттердің бір бөлігі таңертең 8-30-да, екінші бөлігі 5-00-де келген.
Қысқасы, шығармашылық қабілеттің артуына ұйқысыраудың тікелей қатысы бар болып шықты. Адамдар өздеріне қолайлы уақытта келіп (мысалы, таңғы уақыт адамның ұйықтап алуы үшін), бірінші тапсырманы шешуде күшті қабілеттілік танытыпты. (Олардың тапсырманы орындау қабілеті 50 %-ға өскен). Алайда, аналитикалық сауалдарды шешуде бір тәулік те әсер ете алмаған болып шықты.
Ұйқысыраған студент пен миына зақым келген науқастардың шығармашылық қабілеті артық екен. Бұл дегенміз, олардың маужыраған сәтте немесе шырқы бұзылған кездерде дарындары (солай атаған дұрыс болар) артады.
Мұндай пікірге Чикагодағы Иллиной университетінің ғалымдарының көздері жетіп, сынаққа дені сау, салауатты және ішіп алған студенттерді шақырған. Оларды интоксикалық жағдайда сынаған (ағзадағы ішімдік мөлшері 0,075-ке дейін жеткен). Әбден шама-шарқына жеткенде, лингвистикалық сауалнамалар мен қырағылыққа байланысты тестер ұсынылған.
Өткізілген сынақтарды қорытындылай келе, ішіп алған студенттердің аз ойланып, тапсырманы бірден шешетіні анықталды. Және олар дұрыс жауапқа бір табан жақын тұрған. Басымдылық көрініпті: кенеттен қойылған сауалға жауап табу 30 % ішімдік ішкендерде жоғары екен.
Өз-өзін ұстай алмаған сәтте, адам қиялы шарықтай береді екен. Шығармашылықтың кілті - ұйқысырау мен ішімдік ішуде болып шыққаны ма?! Мүмкін емес. Джон мырза ішімдік ішетіндерді жақтағысы келген шығар. Әлде, өзі де солардың қатарынан болғаны ма?! Қысқасы, сізге үлкен қиял мен оны іске асыру жолындағы қабілет керек болса, кофе ішкенше, оятқыш сағатты бірнеше минутқа ерте қойыңыз.
А. Оралқызы