Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамда да соншалықты буын бар. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін айғақтайды. Өзіңізді сырт көрінісіңізбен бүтін бір ағзамын деп есептесеңіз қателесесіз. Сырт қарағанда солай болғанымен, адам ішінде қаншама миллиондаған тірі бактерия өмір сүретіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Назарыңызға адам ағзасы туралы қызық деректерді аударып ұсынамыз.
1. Қантамыр жоқ дененің жалғыз бөлігі – көздің қабығы. Қасаң қабық оттегіні ауадан тікелей алады;
2. Адамның басында әртүрлі пішіндер мен атаулардан тұратын 29 сүйек бар;
3. Осы сөйлемді оқып болған кезде сіздің денеңізде 50 000-нан астам жасуша өліп, шамамен сонша жасуша қайта пайда болады;
4. Адам жүрегі өмірінде орта есеппен 180 миллион литрден астам қанды айдайды;
5. 3 айда ұрықтың саусақ іздері қалыптасады;
6. Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда тезірек соғады;
7. Адам түсінің 98%-тен астамын ұмытады;
8. Адам ағзасындағы қантамырлардың жалпы ұзындығы – шамамен 100 мың шақырым;
9. Денедегі жылудың көп бөлігі бас арқылы шығып кетеді, сондықтан қыста бас киім киюді ұмытпау керек;
10. Адам салмағының 1 процентіне тең су жетпесе, ағзада шөл пайда болады, 5 процент жетпесе, есінен танады, ал 10 процент жетпесе судың жеткіліксіздігінен адам көз жұмуы мүмкін;
11. Адам ағзасында бар және сырттан енетін бактериялардың тек 1%-і ауру тудырады;
12. Кіндіктің ғылыми атауы – умбиликус;
13. Дүниежүзіндегі халықтың шамамен 7%-ы – солақай;
14. Ересек адам ағзасындағы бактериялардың жалпы салмағы – шамамен 2 килограмм;
15. Тіс эмалі – адам ағзасындағы ең қатты тін;
16. Адам бір қадам жасау үшін 50 бұлшықетін пайдаланады;
17. Адамның терісі өмір бойы шамамен 100 рет өзгереді;
18. Әйелдер еркектерге қарағанда екі есе жиі жыпылықтайды;
19. Бойы 130 см-ге дейінгі ерлер мен 120 см-ге дейінгі әйелдер қысқа бойлы болып есептеледі;
20. Қолдағы тырнақ аяққа қарағанда 4 есе тез өседі;
21. Балалар туған кезде тізе қақпақтары болмайды. Олар 2-6 жас аралығында пайда болады;
22. Лейкоциттер орта есеппен 2-4 күн, эритроциттер 3-4 ай өмір сүреді;
23. Адамның ең мықты бұлшықеті – тіл;
24. Адамның жүрегінің көлемі оның жұдырығына тең. Ересек адам жүрегінің салмағы – шамамен 220-260 грамм;
25. Оң жақ өкпе ауаны солға қарағанда көбірек ұстайды;
26. Адамның көзі 10 миллионнан астам реңкті ажырата алады;
27. Дені сау адам күніне орта есеппен 5 рет күледі;
28. Адамның көзі туғаннан өлгенге дейін бірдей мөлшерде болады. Бірақ мұрын мен құлақ өмір бойы өседі;
29. Орта жастағы адам тәулігіне орта есеппен 500 мл тер шығарады;
30. Орташа өмір сүру кезеңінде адамның жүрегі 3 300 000 000 рет соғады;
31. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асып түседі;
32. 7 айға дейінгі бала бір уақытта тамақты жұтып та, дем ала да алады;
33. Жүйке импульсінің жылдамдығы – 274 км/сағат. Адам ыстық не, суықты қолымен сезгенде бірден қолын тартып алатыны содан;
34. Адам ағзасындағы барлық көміртегіден 900 қарындаш жасауға, майдан 7 сабын жасауға, сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады;
35. Ұяттан қызарған кезде, сіздің асқазаныңыз да бірге қызарады;
36. Адамның өмір бойы өсетін шашының жалпы ұзындығы орта есеппен 725 километрге тең;
37. Ағзадағы кальцийдің 99%-і тісте орналасқан;
38. Ерін саусақ ұшынан жүздеген есе сезімтал болып келеді;
39. Егер адам ағзасындағы барлық темірді жинаса, тек қолсағатқа арналған кіші бұранда ғана шығады;
40. Тұмау шақыратын 100-ге жуық вирус түрі бар;.
41. Адам ағзасында тек 4 минерал бар: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит;
42. Адам өкпесінің аумағы, теннис кортының ауданына тең;
43. Адам дүниеге келгенде, оның ағзасы 14 миллиард жасушадан тұрады және бұл олар өлгенше көбеймейді. Керісінше 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады;
44. Адам ағзасында шамамен 2000 дәм сезу рецепторы бар;
45. Адам 24 сағатта орта есеппен 4800 сөз сөйлейді;
46. Адам кешкі уақытқа қарағанда таңертең 8 миллиметр биіктеу болады;
47. Адам сүйегі – болат темірден 5 есе берік;
48. Адам – шалқасынан жатып ұйықтай алатын жалғыз тіршілік иесі;
49. 4 жастағы бала күніне орта есеппен 450 ге жуық сұрақ қояды;
50. Тіс – ағзадағы қалпына келе алмайтын жалғыз дене бөлігі.