- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Адал кедейге 60...
Адал кедейге 60 мың доллар жиналды
Американдықтар Билли Рэй Харрис есімді дала кезгенге арнайы ақша жинап, қор ашқан.
Жақында ғана, ақпан айының басында Сара есімді әйелге бриллианты бар сақинасын қайтарып беріп, жергілікті жерде атақты бола түскен дала кезгенге GiveForward.com сайтына кіріп, қайырымдылық қаржыға үлес қоса аласыз.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Билли Рэйге қордан жиналған ақша табыс етілетін болды. Ал әзірге қорда 60 мың доллар АҚШ доллары жиналған.
Кампания ұйымдастырушысы Бил Крейчи Харрис туралы БАҚ-тан оқып білген соң-ақ оған ең болмағанда 1000 доллар жинап беру ойы болған еді. |
Ал бұл туралы дала кезгеннің өзі білмейтін болып шықты. Рэй Харристың бұл ісі туралы журналистерге ерлі-зайыпты Дарлингтер айтып берген. Сара Дарлинг өзінің аса қымбат сақинасын оған байқаусызда беріп қойғанын айтқан. Сақинаның жоғалғанын әйел ертеңгі күні бірақ білген. Үйсіз-күйсізге қайта барған ол оның сол жерде әлі отырғанын көріп, сұрай бастайды. Сонда Харрис бұл орыннан әдейі кетпей, күтіп отырғанын айтып, сақинасын қайтарып береді.
Харрис әзірге Миссури штатындағы Канзас-Сити көшелерінде түнеп жүр. Әзірге дейтініміздің де себебі бар. Ол жақында Техаста тұратын ағасының үйіне барады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: fakty.ua
А. Құлтай