Егер Work and travel бағдарламасы арқылы шетелге шығу ойыңызда болса, Массагет сайтының ұжымы сізге есте сақтауға тиісті ТОП-7 кеңестер тізімін ұсынады:1. Сіз арқылы елді танидыШетелдік үшін өмірінде кездестірге алғашқы қазақ (қазақстандық) болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, сіздің әрбір іс-әрекетіңіз оған ерекше әсер етіп, оның жадында Қазақстан сөзімен бірге сіздің болмысыңыз еске түседі. Егер басында жақсы әсер қалдырсаңыз, сіз тұратын мемлекеттің адамдарын да жақсы қабылдайды. Сондықтан, белгілі бір әрекет жасамас бұрын, сізден кейін шетелге келетін отандастарыңыздың болашағын да ойлағаныңыз жөн.2. Жалғыз жүруден аулақ болЖалғыздың үні шықпайды. Шетелде жалғыз жүру қиынның қиыны. Әрине, сізге шытырман оқиғалар ұнаса, жалғыз жүрудің еш қиындығы жоқ. Дегенмен, қасында өзіңіз секілді бірнеше студент, жастардың болуы сіздің қауіпсіздігіңізді нығайта түседі әрі уақыт та қызықты өтеді.3. Ұрлық жасамаӘр мемлекеттің заңы әр түрлі. Жаза түрі де сан алуан. Бір рет ұрлық арқылы ұсталсаңыз, енді бұл елге оралу мүмкіндігіңіз10%-ға түседі. Бұл жазаның ең жеңіл түрі. Бәрінен де қиыны, сіздің өмір бақи басқа мемлекет үкіметіне қызмет етіп, туған еліңізге мүлде орала алмайтыныңыз. Сонымен қатар, ұрлықпен ұсталған жағдайда, бауырларыңыз бен ата-анаңыздың шетелге шығу мүмкіндігі де азаяды. 4. Дұрыс тамақтаныңызБара салып, ақшаңызды McDonalds, Burger King секілді тез дайындалатын тағамдар сататын жерге жұмсамаңыз. Біріншіден, қымбат. Екіншіден, пайдасы аз. Егер, күнделікті солай тамақтануды жоспарлап барсаңыз, жаз соңында 10 кг артық салмақпен келуге дайын болыңыз. Сондықтан, барған күні-ақ айналаңызда орналасқан супермаркеттерді зерттеңіз. Бағасын салыстырып, алуға болатын тамақтардың тізімін жазыңыз. Егер мейрамханада жұмыс істесеңіз, тамаққа шығындалмай-ақ қойыңыз. 5. Банк қызметіне сенім артыңызАҚШ-та банк жүйесі дамығаны соншалықты, жалақы сомасы жазылған чекті банкомат арқылы арнайы картаңызға салуға мүмкіндігіңіз бар. Күнделікті қолдануға арналған картадан бөлек, ақша жинауға мүмкіндік беретін арнайы депозиттік карта да бар. Одан сіз кез келген уақытта ақшаны ала алмайсыз. Есесіне жаз бойына біраз ақша жиналады. Егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз, сол картаны міндетті түрде қолданыңыз. 6. Сұраудан қорықпаңызЕгер адасып кетсеңіз, жол таба алмай қиналсаңыз кез келген жергілікті тұрғыннан барып көмек сұраңыз. Тіпті, тіл игеру деңгейіңіз төмен болса да Өйткені, осылайша сіз өзіңіздің ішкі қорқынышыңызды жеңесіз. Екіншіден, адамдармен сөйлесуді үйренесіз. Бастысы, олар сіздің сөйлеу мәнеріңізді сөкпейді және әрқашан көмектесуге дайын.7. Өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек ала барыңызҚандай жағдай болмасын, өзіңізбен бірге маңызды деген дәрі-дәрмекті ала барыңыз. Өйткені, бейімделу кезеңі жүреді. Сонымен бірге, иммундық жүйеңіз төмендеп, ауырып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал, АҚШ-та дәрі-дәрмекті сатып алу үшін міндетті түрде дәрігерден арнайы қағаз алуыңыз шарт. Дәрігерге бару үшін жарты табысыңызды жоғалтасыз. Әзірге ұсынатын кеңестер тізімі осындай. Work and travel бағдарламасы туралы сұрақтар мазаласа, пікір ретінде қалдырыңыз. Міндетті түрде жауап береміз.