Wildlife Photographer of the Year – бұл жыл сайын Лондонның Жаратылыстану мұражайы ұйымдастыратын жабайы табиғат фотосуреттер байқауы. Биыл халықаралық сарапшылар тобы әлемнің түкпір-түкпірінен түскен 50 000-нан астам туындыдан ең жақсы фотосуреттерді таңдады.
Биыл байқау 16 номинация бойынша өтті: "Жануарлар тіршілік ету ортасында", "Жарқыраған жұлдыз", "Болмыс: құстар", "Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар", "Болмыс: сүтқоректілер", "Болмыс:омыртқасыздар", "Болмыс: қосмекенділер және рептилиялар", "Жануарлардың портреттер", "Су асты", "Арнайы сыйлық", "Сулы-батпақты жерлер", "Мұхиттар:Үлкен сурет", "Қалалық ортадағы жабайы табиғат", "Фотожурналистика:Тарих", "Фотожурналистика", "Жаратылыстану өнері". 15 қазаннан бастап жеңімпаздардың жұмыстарын Лондондағы Жаратылыстану мұражайында көрмеге қойылды.
"Жануарлар тіршілік ету ортасында" номинациясының жеңімпазы: "Аюдың қалдықтары". Суреттен гризли аюдың фотограф Клотьенің камерасына қызығушылық танытып тұрғанын байқауға болады. Бұл камераның түсірген соңғы суреті еді. Өйткені аю камера орнатылған қондырғыны бұзып тастаған. Гризли аюлар қыс кезінде жеті айға дейін ұйқыда болады. Көктемде олар ұйқыдан ашығып оянады. Олар әртүрлі тағамдарды, соның ішінде сүтқоректілерді тұтынады (Фото: Zack Clothier)
"Жарқыраған жұлдыз" номинациясының жеңімпазы: "Суық уақыт, теңіз аюлары". Фотосуретте Хадсон шығанағы аймағында ойнап жүрген екі ұрғашы аю бейнеленген. Олардың силуэттері жүрек пішінін жасап тұрғандай. Автордың ойы бойынша, табиғат әлеміне қарызы бар адамдар мен табиғаттың бауырластық және махаббатты бейнелейді. Фотограф бұл сәтті түсіру үшін дронды қолданған. Фото: Martin Gregus)
"Болмыс: құстар" номинациясының жеңімпазы: "Жанасу". Фото қарғалардың көбею кезеңінде түсірілген. Олардың қалың қара тұмсықтары біріккен кездегі жақын сәтті камераға түсірген. "Ерлі-зайыпты қарғалар" сыйлықтарды мүк, бұтақтар мен ұсақ тастармен алмасады. (Фото: Shane Kalyn)
"Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар" номинациясының жеңімпазы: "Бай көріністер". Теңіз балдырларының арасында жүзіп жүрген теңіз рейнджерін байқайсыз. Әлемдегі ең тропикалық рифте түсірілген сурет арқылы автор теңіз балдырларының джунглиін сақтау қажет екенін айтқысы келген еді. (Фото: Justin Gilligan)
"Болмыс: сүтқоректілер" номинациясының жеңімпазы: "Бетпе-бет". Норвегияның Шпицберген архипелагында ұрғашы бұғылар тобын басқару үшін күрес үстіндегі екі жануар бейнеленген. Олар мүйіздерімен айқасады. Кім жеңсе, ұрғашы бұғылар тобы соған тиесілі болады. Бұл тұқым өсіру үшін жасалған бұғылар ережесі. (Фото: Stefano Unterthiner)
"Болмыс:омыртқасыздар" номинациясының жеңімпазы: "Бесік дайындау". Фотода балықшы өрмекшінің бауын тартып, жұмыртқа сөмкесін тоқып жатқанын көруге болады. Бұл өрмекшілер Солтүстік Американың шығысындағы сулы-батпақты және қоңыржай ормандарда жиі кездеседі. Олар кішкентай өрмекшілер шыққанша, жұмыртқа сөмкелерін өздерімен бірге алып жүреді.(Фото: Gil Wizen)
"Болмыс: қосмекенділер және рептилиялар" номинациясының жеңімпазы: "Гиганттар дүниеге келетін аймақ". Пиреней түбегі мен Марокконың солтүстігінде табылған саламандрлар өткір қабырғаларын қару ретінде қолданады. Ол терісін тесіп, сол аймаққа улы секреция жинайды, сосын қарсыласын қабырғасымен жарақаттайды. Сурет авторына камераның параметрлерін реттеу үшін бірнеше секунд қажет болған. (Фото: João Rodrigues)
"Жануар портреттері" номинациясының жеңімпазы: «Бейне». Суретте 40 жастағы тау горилласы Кибанде бейнеленген. Оның түрлерінің өкілдері 1400 метрден астам биіктікте және оқшауланған аймақта тұрады: Вирунга жанартауында және Бвинди аймағында. Оларға мекендеу ортасының жойылуы, жұқпалы аурулар мен браконьерлік әрекеттер жойылып кету қаупін тудырып жатыр. (Фото: Majed Al)
"Су асты" номинациясының жеңімпазы: "Шығармашылық". Теңіз алабұғасының үштігі жұмыртқа жасушалары мен спермалардың сүтті бұлтын қалдырған ізі суретке түсіп қалған. Балықтардың бұл түрлері шілдеде айдың толған уақыттында жұптасады. Бұл уақытта Факаравада мұхитпен байланыстыратын тар оңтүстік арнада 20 мыңға дейін балық жиналады.(Фото: Laurent Ballesta)
"Арнайы сыйлық" номинациясының жеңімпазы: "Танганьика көлінің цихлидтерінің жекпе-жегі". Танганьика көлінде екі еркек цихлид қабық үшін жанжалдасқан сәті автордың назарына түскен. Қабық ішінде ұрғашы цихлид жатады, ол аналық жұмыртқа салуға дайын. Тістеу мен итеру әлсіз балық екіншісіне жол бергенше жалғасады. (Фото: Angel Fitor)
"Сулы-батпақты жерлер" номинациясының жеңімпазы: "Өлімге апарар жол". Батпақты ландшафтың иілуін кесіп өтетін тік жол батпақтарды екіге бөледі. Ол 1980 жылдары жағажайға шығуға мүмкіндікті арттыру үшін салынған. Бұл ортаны құстардың 100-ден астам түрі мекендейді.(Фото: Javier Lafuente)
"Мұхиттар:Үлкен сурет" номинациясының жеңімпазы: "Мұздардың еруі және балақайлар". Фотосуретте теңіз мұзының еруі аясында итбалықтар мен жаңа туған нәрестелердің қанды аймағы көрсетілген. Фототграф итбалықтар тууға арнғалған платформа ретінде пайдаланылған теңіздегі мұзды табу үшін тікұшақпен бірнеше сағат жұмсаған.(Фото: Jennifer Hayes)
"Қалалық ортадағы жабайы табиғат" номинациясының жеңімпазы: "Өрмекші бөлмесі". Автор әлемдегі ең улы өрмекшілердің бірін өз төсегінің астын тауып алады. Ол өз балаларын күзеткен. Өлшемі адам қолымен бірдей өрмекшінің үлкенірек етіп көрсету үшін фотограф арнайы фотоаппарат қызметін пайдаланған. (Фото: Gil Wizen)
"Фотожурналистика: Тарих" номинациясының жеңімпазы: "Емдік жанасу". Киншастағы (Конго Демократиялық Республикасы) Lwiro атты приматтарға арналған емдік орталығының директоры Олар жеке күтім алып, дәрігерлер психологиялық және физикалық жарақаттарды емдейді. Бірақ тек оннан бірі ғана аман қалады. (Фото: Brent Stirton)
"Фотожурналистика" номинациясының жеңімпазы: "Бөлмедегі піл". Тайландта хайуанаттар бағына келушілер жас пілдің су астында өнер көрсетуін тамашалау үстенде. Қазіргі уақытта елде жабайы табиғатқа қарағанда тұтқындағы пілдер көп. Коронавирустық пандемияға байланысты туризм құлдырап кеткені жасырын емес. Салдарынан піл қорықтары иелеріне күтім жасай алмайтын жануарларға толып кеткен. (Фото: Adam Oswell)
"Жаратылыстану өнері" номинациясының жеңімпазы: "Соқыр". Суретте ине су астын мекендейтін қауырсынды жұлдыздардың арасына түсіп, жаңа өмір бастағаны суреттелген. (Фото: Alexander Mustard)