- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Starbucks туралы қызықты...
Starbucks туралы қызықты деректер
Кофе тарихында ойып орын алатын брендтің бірі – Starbucks. Оның тарих сахнасына шығуының өзі тарих. Елімізге алғаш рет 2015 жылы келген кофе бренді туралы не айтуға болады?
– Starbucks (кофеxана) осы брендтің пайда болғанына 45 жыл өтсе де, Қазақстанға былтыр келді.
– 2015 жылы өткен тұсаукесері есіңізде ме? Таңғы сағат 7-де 200-ге жуық адам Алматыда Starbucks-тың лентасын кесті. Кофеңізге тапсырыс берер кезде бармен сіздің есіміңізді қағаз құтыға жазып алады. Дайын болған сәтте атыңызды атап шақырады. Бұл Starbucks-тың алтын заңы.
– Кофенің ең қымбат түрі "Vanilla bean" бағасы – 18 700 теңге, ал арзаны – 575 теңге, Starbucks пайда тапқан қаражатының 1%-ын науқас балаларды емдеуге бөліп отырады. Яғни сіз 100 кофе ішсеңіз, 1 кофе қайырымдылық қорына бердім деген сөз.
– Starbucks-тың есігі ешқашан солтүстікке қарап тұрмауы керек. Сонда қонақтар шығып бара жатқанда көзі күнге шағылыспайды.
– Осыдан 45 жыл бұрын ағылшын тілінің мұғалімі Джерри Болдуин, тариx мұғалімі Зев Зигал, жазушы Гордан Баукер – осы үш мырза кофе және шайқұмар болған. Сонымен қатар, кофенің құрамын зерттеп, одан неше түрлі иіс шығарып, түрлі тәсілдермен әзірлегенді xобби санаған. 1971 жылы әрқайсысы 1350 АҚШ долларын шығарып, қосымша 5 000 $ несиеге алып, "Starbucks" кофеxанасын ашады. Қаржылық қиындықтар, кофе дәмі әр кезде әр түрлі болып шығуы тағы бар, кофеxана құлдырай бастады.
– Дәл осы жылдың күзінде Говард Шульц есімді қалталы жігіт Starbucks кофеxанасына кіріп, кофенің исі мен дәміне таңғалса керек. Говард Starbucks-ты сатып алып, Италия елінен кофенің әзірлену тәсілдерін үйреніп, АҚШ еліне енгізбекке бекінді.
– 90-шы жылдары Говард Шульцтің ойынша адамдар бір-бірімен маңызды мәселелер бойынша әңгімелесіп, қонақтар еркін жайғасып, келісім шарт жасау үшін таптырмас орын жасауға ниеттенді. Жасады. Орындалды. Мәдени орны ретінде кофеxананың орындықтары жұмсақ, үстелдерін ыңғайлы етіп жасады, барыншы безендірді.
– Starbucks-ты қонақтар екінші үй ретінде сезіну үшін барлығын істеді. Мұнда кофе исін бұзбау үшін, жағымсыз иіс шығатын қонақтарды кіргізбейді. Өйткені атмосфераны бұзады. Сөйтіп, Starbucks өз ерекшеліктермен дами түсті.
– Біртіндеп Вашингтон штатын жаулай бастады. Сосын көп ұзамай АҚШ-ты бағындырды. Англия, Италия сынды кофеге бай елдер неше түрлі мықты брендтерімен бәсекеге түскенде жеңіп, бүкіл әлемді жаулап, әлемде 20 000-ға жуық нүтесін ашты.
– Говард басшылықтан кеткен кез. Starbucks аяғына нық тұрғанымен, әлемде франшиза тым көбейіп, кофенің дәмі өзгере бастаған. Кофе өз ғажабын, сиқырын жоғалтып алды. 2008 жылы Говард Шульц басшылыққа қайта келді.
– Компания үлкен дағдарысқа ұшырап, $168 млн қаражатынынан қағылды. Әлем бойынша 11 000 нысанын жапты. Қызметкерлерімен компания акциясын бөліп алды. Мықты менеджерлер іске кірісіп, Starbucks өз тағына отырып дамуды жалғастырды.
– Ең мықты мамандар іске кірісті. Starbucks 2012-2013 жылдары әлемдік бренд болды. Еуропалықтар үшін кофе өте маңызды. Өйткені бұл елдерде сусын жағынан судан кейін кофе екінші орында тұр. Бәсеке бар, талғам деген тағы бар.
– Қазақ шайқұмар болған соң, мынадай брендтер онша танымал емес. Ол енді түсінікті жайт. Алғашқыда $250 млн қаражат салып, бүгінде 5670 есе қайтарып алған Starbucks өзін тежер емес.
Қасеке Нұрсұлтан
Г. Берік