"Sony World Photography Awards – 2015" байқауының әлемдік деңгейде өткізіліп жатқанын алдыңғы жазбаларымызда хабарлаған едік. Бұл байқауда табиғат пен адамзат баласының арасындағы байланысты көре білген әлемнің 54 елінің фотосуретшілері бақтарын сынап, тамаша туындыларын жолдаған екен. Сіздердің назарларыңызға аталған байқаудың "ең үздік" деп танылған суреттерін ұсынып отырмыз. Жеңімпаздардың әрқайсысы Sony сандық фотоаппаратымен марапатталады екен. Естеріңізге сала кетейік, "Sony World Photography Awards – 2015" байқауының жабылу салтанаты 23 сәуір күні Лондонда өтеді.
Десмонд Панг (Гонконг)
Андрей Рейнол (Эстония)
Веса Пиханурми (Финляндия)
Ивон Бучман (Франция)
Армин Аппел (Германия)
Марек Джарковский (Чехия)
Сурет: bigpicture.ru