Sony World Photography Awards атты суреттер байқауының қорытындысы келер 2015 жылдың 23 сәуірінде Лондонда өтетін салтанатты кеште жарияланады. Әйткенмен, суретке түсірумен әуестенетін жандар өздерінің таңдамалы суреттерін жолдап қойған екен. Олардың тек бірен-сараны ғаламтор әлеміне жол тартқан. Әлемдік деңгейде өтіп жатқан байқауға жас ерекшеліктеріне, мамандықтарына ешқандай шектеу қойылмайды. Байқау 4 номинация бойынша өтеді: кәсіби фотографтар номинациясы (Professional), ашық, яғни, әртүрлі тақырыпта (Open), 20 жасқа дейінгі жасөсіпірімдерге арналған номинация (Youth), студенттерге арналған номинация (Student Focus). Бұл шараға сіздің де қатысу мүмкіндігіңіз бар. Сонымен, сіздерге осыған дейін байқауға жолданып, ғаламтор бетіне жарияланған суреттерді ұсынамыз. Өз бағаңызды беріп көріңіз!
Сурет: mixstuff.ru