Red Bull энергетикалық сусынын ойлап тапқан адам қайтыс болды

Red Bull энергетикалық сусынын ойлап тапқан адам қайтыс болды

Таиландта Red Bull сусынын ойлап тапқан Чалео Йювидья қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Тайлық миллиардер 89 жасқа келіп, көз жұмды. Йювидья бизнесін 1970 жылы фармацевтикалық компания ашудан бастаған. Кейін Krathing Daeng, яғни тай тілінен "Қызыл бұқа" деп аударылатын сусын ойлап тапқан (Red Bull). 

Сусын алыс жолға қатынайтын жүргізушілер мен жұмысшылар арасында танымал болып кетеді. Қорытындысында 1984 жылы Йювидья австралиялық азамат Дитрих Матешицпен бірге жұмыс істеп, Red Bull сусынын әлемдік нарыққа шығарады. Екі миллиардер де Forbes журналы бойынша, әлемнің ең бай адамдары қатарына кірген. 

Red Bull құрамына адамның жүйке жүйесіне дем беретін және антиседативтік әсер ететін сергітетін заттар (кофеин, теобромин, теофиллин, таурин және т.б.) кіреді. Әлемнің 140 елінде сатылатын сусын 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, аяғы ауыр, бала емізетін әйелдерге және қант сусамырымен ауыратын адамдарға ішуге ұсынылмайды. Жалпы бұл сусынның пайдасы мен зияны жайлы ғылыми ортада жылдар бойы дау жалғасып келеді. 

Сурет: cit.ua

A. Mustafina