Nestle өнімдері құрамында шыны сынықтары болуы мүмкін

Nestle өнімдері құрамында шыны сынықтары болуы мүмкін
Фото: tr.sputniknews.com

Түрлі тағамдар мен сусындар әзірлейтін әлемдегі ең ірі өндіруші концерн – Nestle SA өнімдерін кері алдыртып жатыр. Оған өнім құрамында шынының болуы себеп.

Әңгіме компанияның DiGiorno, Lean Cuisine және Stouffer's сериясына тиесілі өнімдерінің шектеулі даналары туралы болып отыр. Әзірге бұл өнімдерден ешкім зардап шекпеген. «Біз бұл тауарларды ешкім зардап шекпей тұрғанда кері алдырып отырмыз, себебі олардың құрамында шыны сынықтары болуы мүмкін. Тергеу амалдарының жалғасып жатқанына қарамастан, өнім құрамындағы саумалдықтарда шынының болуы әбден мүмкін деп топшылап отырмыз», - делінген компанияның баспасөз баянында (пресс релиз). Бұл уақытқа дейін компанияға бірнеше тұтынушы кейбір өнімдердің ішінен кішкене шыны сынықтарын тапқанын хабарлаған.

Дереккөз: 24.kz

@. @assel_assanova