National Geographic ғылыми-танымдық журналы жылда өткізетін фотобайқауының нәтижесін жариялады. Байқауға жалпы әлемнің 150 елінен 9200 фотограф қатысқан. Олардың ішінде кәсіби мамандармен қатар әуесқойлар да бар.
Байқау «Қоғам», «Табиғат» және «Мекен» категориялары бойынша өткізілген. Суретке баға берген кезде мамандар оның шығармашылық танымы мен техникалық сапасына аса мән беріпті.
Әділ қазылардың құрамында National Geographic журналының директоры Кит Дженкинс және журналдың тәжірибелі фотографтары Эрик Ларсен мен Джон Стенмейерлер болған.
Категориялар бойынша жеңімпаздар:
1. «Табиғат» - Танзаниядағы антилопалар тобы, фотограф – Николь Кэмбри (Nicole Cambré)
2. «Мекен» - Будапешттегі spa-орталық, фотограф – Тристен Йео (Triston Yeo)
3. «Қоғам» - Гонгконг метросының жолаушылары, фотограф – Брайан Йен (Brian Yen)
Сурет: www.nationalgeographic.com