NASA Плутон бетінің жаңа суретін жариялады. Онда шағын планетаның мұз жазықтығындағы бір аумақта алты жарық анық көрінеді. New Horizons миссиясының геологтары осыған ұқсас нысандардың Күн жүйесінің Плутоннан басқа бірде-бірінде табылмағанын атап өтуде.
Жарықшақтардың ішінде ең ұзыны солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта орналасып, 580-ге жуық шақырымға созылып отыр - ол Слепнир аңғары атауына ие болды.
Плутон бетінің суреттерін 2015 жылы 14 шілдеде New Horizons ғарыш аппараты түсірген болатын. Аппарат аспан денесінен 10 мың шақырым қашықтықтан өтті сөйтіп адамзат тарихында транснептундық нысанға ең жақын барды.
Дереккөз: inform.kz