Американың ғарыш агенттігі (NASA) қара құрдым бейнеленген видео шығарды.
Видеодан оның жарықты қалай "жұтатынын" көруге болады. Жарық сақинасы қоршаған қара құрдымның көлеңкесі бейнеленген видеоны NASA агенттігі жасап шыққан. Ғарыш агенттегінің мәліметінше, оның гравитация өте қуатты болады. Сол себепті қара құрдымның айналасындағы жарық жолы иіліп, уақыт кеңістігі өзгереді.
Бұған дейін қара құрдымның суреті жарияланған болатын. Галактика кіндігіндегі бұл құбылыстың фотосын түсіру үшін зерттеушілер Event Horizon Telescope жобасын әзірлеген болатын. Ол үшін Жердің әр түкпіріне 8 телескоп қойып, зерттеулерін бастаған. Мамандардың бұл еңбегі өз нәтижесін беріп, адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотосы түсірілді. Оны түсіру мен зерттеу, сондай-ақ жариялау үшін 2 жылдай уақыт кеткен.
Қара құрдым — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес). Оның массасы өте жоғары, тартылыс күші өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды. Бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды, сыртқа еш жарық шығармайды. Ал ар жағы жұмбақ әлем. Қара құрдым Күннен 21 миллиард есе ауыр. Ол Жерден 57 миллион жарық жылында орналасқан.