Монт Эгиль (Mont Aiguille) – шығыс жарты шардың солтүстік орта енінде орналасқан шағын ғана шың. Георграфикалық өлшем бойынша Монт Эгиль Еуразия (Европа), Батыс Альпі, Дофине Альпі (Dauphine Alps) аймағын қамтиды.
Монт Эгильдің биіктігі – 2 мың метр. Шыңға мініп-көтерілу үлкен қиындықты туғызады, себебі шыңның барлық жағы біркелкі. Бұл тауға көптеген адам көз қырын салып бағындырмақ болған. Әйтсе де, ол 1492 жылға дейін ешкімнің ырқына көнбеген. Шыңға өрмелеуге ең бірінші қызығушылықты француздар танытқан. Сол жылы VIII Шарльдің нұсқауымен жай ғана қызығушылық себебінен альпинистер тау шыңын бағындыра алды. Оған корольдік рати, ағаш және тас шебері мен 2 дін қызметшісі қатысқан.
Таудың дәл қасында Dea Augusta Vicontiorum деп аталатын кішкентай қала орныққан. Қала Францияның Долли алқабына қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жергілікті тұрғындар шілде, тамыз, қыркүйек айларында ауа-райының қолайлылығына байланысты жыл сайын тауға әртүрлі бағыттағы сапарлар ұйымдастырады. Тау қыраттары тік болғандықтан, шыңға көтерілу көп күш пен төзімділікті қажет етеді.