Әдетте америкалықтар күркетауық етін Алғыс айту күнінде дайындаса, ал британдықтар оны Рождество күнінде пісіріп жатады. Дәмі тіл үйіретін бұл тауықтың еті әлем бойынша көптеген халықтардың мереке кезінде дайындайтын сүйікті астарының қатарында. Ал жақында Тим Бёртон атты танымал автомобиль блоггері оны ерекше әдіспен дайындап көріпті. Дәлірек айтсақ, ол күркетауық етін Lamborghini Aventador суперкарының газ шығаратын түтігінің аузында тұрып оның қызуымен тауық етін әзірлеген.
Тағам бас аяғы 10 минутта дайын болған екен. Алайда блоггердің сөзінше, тауық етінің шындығында дайын болғандығын тексеріп көру үшін дәмнен ауыз тиюге ешкімнің жүрегі дауаламаған сияқты.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MUVPtcGvy38#t","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: zhelezyaka.com