Аты аңызға айналған актриса Элизавет Тейлор марқұм болған атақтылар арасындағы ең бай адам атанды. Рейтингті Forbes журналы құрастырған.
Марқұмның мұрагерлері Элизавет атын пайдаланып, осы жылы 210 миллион доллар ақша тапқан екен. Пайданың көп бөлігі оған әшекейлерін сату кезінде түсіпті. Мысалы, бұл заттар аукционда 154 миллион долларға сатылған. Қаржының қалған бөлігі ол туралы түсірілген фильмдерден және өзінің жеке атынан шыққан "Ақ гауһартас" атты әтір саудасынан түскен.
Екінші орында 2009 жылы дүниеден озған "поп-музыка королі" Майкл Джексон тұр. Оның "жиған-тергені" 145 милиион доллар. Үшінші орында 55 миллион доллармен "рок-н-ролл королі" Элвис Пресли.
Жалпы журнал рейтингісіне 13 атақты кірген екен. Оның ішінде американдық карикатурист-суретші Чарлз Шульц, музыкант Боб Марли, Джон Леннон, Мэрилин Монро, Альберт Энштейн, балалар жазушысы және мультипликатор Доктор Сьюз, актер Стив Маккуин, фотомодель Бетти Пейдж, композитор Ричард Роджерс және гитарист Джордж Харрисон. Олардың бар жиып-тергенін қосқанда 532,5 миллион долларды құрайды екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: forums.yabloko.ru