Әлемде талай қызық бар. Біз баян еткелі отырған ақпарымыз тарихта болған оқиға. Иә, өмірде әр түрлі жағдай болады. Кейбір оқиғалардың соңы қайғылы аяқталса, кейбір оқиғалар біз күтпегендей болып жататыны шындық. Тарихта болған әуе апаттары туралы білесіз бе? Әуе апатының да "бақытты аяқталған" кезі болған екен. Олай болса, мына суреттерге қарап, өмірде небір кереметтердің орын алатынына куә болыңыз.
Неміс фотографы Дитмар Экель қажетсіз қалған техникаларды іздеу барысында бірнеше елді аралаған. Оның жұмыстарының бірі құлау барысында ешбір жолаушы мерт болмаған, «соңы бақытты аяқталған» әуе апаттарына арналған.
1965 жылы 16 қаңтарда Аляскада әуе апатына ұшыраған америкалық Fairchild C-82 әскери ұшағы. Ұшақ қозғалтқышы сыр бере бастағанда ұшқыш ұшақты жету пункіне 100 км жердегі орманға қондыра алған.
2004 жылы тамызда Мексикаға құлаған Grumman HU-16 Albatross ұшағында да ешкім қаза болмаған.
1977 жылы Манитобаға (Канада) құлаған Кёртисс-Райт C-46 «Коммандо» ұшағы.
1948 жылы Гавайда апатқа ұшыраған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Чанс-Воут F4U «Корсар» ұшағы болды. Апат кезінде ұшақта тек ұшқыштың бір өзі болыпты. Бүгінгі таңда бұл ұшақ жасанды риф болып табылады.
1950 жылы 7 ақпанда Юконда (Канада) апат болған Дуглас C-47 «Скайтрэйн» немесе «Дакота» ұшағы. Ұшақта болған 10 адам да аман қалған.
Тағы да Дуглас C-47 «Скайтрэйн» ұшағында...
1956 жылы 30 мамырда Биверлодж көліне құлаған Bristol 170 Freighter ұшағы. Барлық 3 жолаушы тірі қалған.
Батыс Сахардағы төрт моторлы піспек патрульді Avro Shackleton ұшағы. 19 жолаушымен Оңтүстік Африкадан Англияға ұшқан.
Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытындағы америкалық бомбалаушы ауыр Консолидэйтед B-24 «Либерейтор» ұшағы (Consolidated B-24 Liberator). 1943 жылы 18 қазанда Папуа-Жаңа Гвинеяның батпақты ауданына құлаған.