22 жасар Американдық азамат компьютер ойынын ойнап, бір жылда бір миллион доллар тапты. Оның Youtube-тағы аккаунты миллиондаған жазылушыларды жинаған. Ол өзінің бейнероликтерінде ойынның келесі кезеңге өткізетін оңтайлы тұстарын көрсеткен.
Осы өнерінің арқасында оған көптеген демеуші қолдау көрсеткен. Соның қатарында Red Bull компаниясы да бар. Энергетикалық сусындарды шығаратын компания оған Венис-Бичтен үй алып берген. Енді миллионер атанған азамат өзінің достарымен осы жайлы үйде жаттығады.
Сурет: m.tengrinews.kz, ruscur.ru