Соңғы алты ай ішінде AliExpress-тен тауар сатып алған 100-ге тарта Ресей азаматтары әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылуда. Ауыр айып тағылатындай олар аспан асты елінен не сатып алған? Себебі мен салдарын бірге саралайық. Бүгінде AliExpress-тің қызметін пайдаланбайтын тұтынушы жоқ шығар? Түрлі көз қызықтырар тауарлар кім-кімді болса да еліктіріп әкетеді. Миға шабуыл жасалған аз ғана сәттің ішінде тауарға тапсырыс беріп, сауданың қызығына кіріп кететіндер көп. Алайда, бір сәттік құмарлық өмір бойғы бас бостандығынан айырылуға себеп болуда. Аталған дүкеннен қандай тауарларға тапсырыс беруге болмайды? Қай зат заңсыз деп саналады? Төмендегі ақпараттарға көз жүгіртейік. Махачкала қаласының тұрғыны өзіңе диктофон орнатылған флешкаға тапсырыс берген. Бір қарасақ керемет дүние. Екі керек зат 1 жүйеге біріктірілген. Алайда, аталмыш тауарды ақпаратты бейресми түрде тарататын зат ретінде кеден бекетінен өткізбей қойған. Осылайша, пайдалы дүниеге ие боламын деген Ресейлік тұрғын, қазір сот шешімін күтіп, үй қамақта отыр. Қайын атасына ерекше сый жасамақ болған Удмурттық тұрғынның да басы бәлеге қалды. Ол жақынына камерасы бар жазу құрылғысын сыйламақшы болған. Қытайлық бөлшектермен тез-тез жинала салған арзан тауар да ақпаратты заңсыз қолға түсіретін заттардың тізіміне кірген. Волгоград тұрғыны жекежайына ұрылардан қорғану үшін сатып алған қорғаныс сигнализациясы үшін 7 мың рубль айыппұл төлеуге мәжбүр болды. GSM орнатылған қорғаныс құралын пайдаланып та үлгермеген тапсырыс беруші тауарды поштадан кері қайтаруға мәжбүр болды. Нефтеюганск қаласының тұрғыны сотта өзінің кінәлі еместігін дәлелдей алмады. Күйеуіне деп сатып алған аңшылық бәкісі тыйым салынған әрі суық қару ретінде танылды. Осылайша, Ресей Федерациясының Заңына сәйкес, тауар кеденнен өтпеді. Өтірік болып көрінген жоғарыдағы әңгімелер қай жағынан қарасақ та, болған оқиға. Қатал Заңның бір ұшына ілікпес үшін, кім-кімге болсын тапсырыс беретін тауарға мұқият қарау міндетті. Бір жерден мүлт кетсеңіз, әкімшілік жаза мен қылмыстық жазаға тартылуыңыз әбден мүмкін. likeme.kz