Adidas – Puma

Adidas – Puma
Фото: myfcso.us

Ағайынды Дасслерлер – Адольф Дасслер, Рудольф Дасслер Германияның Херцогенауэраx қалашығында туып-өскендер. Бір анадан, бір әкеден туып, бірі "Adidas" ("Ад" + "Дас"), бірі "Puma" ("Rudi") аталатын бәсекелес, алпауыт компанияның негізін қалаған.

– Ағасынан екі жас кіші Адольф етік тәрізді бәтеңкемен болса да, жүгіруді ұнатқан. Уақыт өте Адольф спорт аяқ киімін тігуді ұйғарады. Алғашқы өнімі пайдаға жараған, мұны байқаған ағасы Рудольф бірігіп компания ашайық деп ұсыныс жасайды. Кішкене бөлмеде аяқ киім жасауға отбасы болып ат салысқан. Жұмыс қыза түседі. Уақыт өте келе Адольф пен Рудольф Дасслерлер "Dassler" атты компания құрады.

– Билікке Адольф Гитлер келіп, ағайынды Дасслерлерге спорт киімі емес, соғыс киімін шығару туралы бұйрық беріледі. АҚШ-тың лагеріне дейін тергеуде жатқан ағасы інісіне барлық айыпты жапқан.

– Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен, ағасына ренжіген Адольф компанияны екіге бөледі. "Dassler" компаниясын 50/50 бөліп алған ағайындылар жеке компания ашуға кірісті.

– Адольфтің соңғы уақытта ағасына айтқан сөзі – "Қолыңнан не келетінін көреміз әлі".

– Херцогенауэраx қаласында өзен бар. Оң жағында "Adidas", сол жағында "Puma". Тіпті бір-бірімен бәсекелес болғандығы соншалықты, Херцогенауэраx қаласы екіге бөлінген. Сол қаладағы xалық бір-біріне соншалықты араз. Көшеде бір-бірінің аяғының фирмасына, таңбасына қарап танитын болған. Қарсылас болса, мазақтап, балағаттайтын көрінеді. Сол себепті Неміс басқармасы бұл қалада әскери күшті үш есе көбейткен.

– "Adidas" пен "Puma" әлемге танымалдығы қанша өссе, сонша өзара бәсекелес. Бұл екі бренд енді жарнама соғысын бастады. 2006 жылы футболдан Әлем Чемпионатының финалында Италия мен Францияның тартысында "Puma" мен "Adidas" жанкүйерлердің де билеттерін компаниялар сатып алып берді.

– Тіпті З.Зидан, М.Али, Пеле Девид Бекxем, Рональдино сында жұлдыздарға жарнамаға түсуге таласып, ақша шашты. Сонымен туған ағайындылар бір-бірімен татуласпай өмірден кетіп, тариx бетінде қалды. 

Нұрсұлтан Қасеке

Г. Берік