Талай тауқыметті басынан өткерген Дорита Дэниэлс бүгінде 99 жаста. Ол бір емес, екі бірдей соғыстың куәгері. Осыдан 6 жыл бұрын кейуананың өмірінде үлкен өзгеріс орын алған болатын.
Ол 2009 жылы университетке түсіп, білім нәрімен сусындауды жөн көреді. Оның оқуға деген ынтасын оятқан сол кезде магистратурада оқып жүрген немерелері болатын. Оқу орнына барып жүргенде келеңсіз оқиғаларға тап болып, бірнеше мәрте жүрек талмасына ұшыраған. Алайда ол өзінің ең адал, еңбекқор студент екенін дәлелдеуге тырысады. "Дорита өзінің оқуға деген ынта-жігерінің арқасында компьютермен өтетін сабақтарды да тез меңгеріп алды және кез келген кедергіні жеңе білді", - дейді Дэниэлстің оқытушылары.
Диплом табыстау рәсімінде Дорита: "Мен жаным қалаған нәрсені істедім және менің арманым орындалды", - деп, қуаныштан көзіне жас алды. Түлектерге қандай кеңес берер едіңіз деген сұраққа: "Ешқашан берілмеңіздер. Бастаған істеріңізді аяғына дейін жетізуге тырысыңыздар. Ешкімге де кедергі келтіруге мұрсат бермеңіздер. Өздеріңіз үшін бәріне де дайын болыңыздар. Сонда ғана сіздерден елге елеулі, халыққа қалаулы азаматтар мен азаматшалар шығады", - деді.