9 наурыз - Халықаралық Ди-джей күні

9 наурыз - Халықаралық Ди-джей күні

9 наурыз - Халықаралық Ди-джей күні (World DJ Day) - ди-джейлердің бейресми мерекесі. Бұл күн 2002 жылы Халықаралық Клуб Индустриясының ықпал етумен пайда болды. Әр жыл сайын дүние жүзі бойынша қайырымдылық аптасы өтеді. Шара барысында балалар, қарттар, мүгедектер үйіне әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қайырымдылық шарасы 9 наурызда Халықаралық Ди-джей күнін атап өтумен аяқталады.

Қайырымдылық шарасының бастау алуына World DJ Fund қоры мен Nordoff Robbins Music Therapy мекемесі ықпал етті. Олар ди-джейлердің радиостанция, би алаңы, клубтарда қоятын музыкасынан түскен пайданы науқас жандардың емделуіне жіберіп отырды. Кейін мұндай көмек халықаралық мекемелері мен балалар қорына берілді.


Он жылдан бері атап өтілетін ди-джейлердің мұндай қайырымдылық игі әрекеттерін бірқатар MTV, Radio 1, Galaxy, Mixmag, DJ, Muzik,Hello, Face, Loaded, FHM т.с.с бұқаралық ақпарат құралдары мен Pete Tong, Danny Tenaglia, Sasha, Dave Seaman, Paul Oakenfold, Paul Van Dyk, Carl Cox, Seb Fontaine, Sister Bliss сынды би алаңының жұлдыздары қолдайды.

DJ (ағылшын тілінен аударғанда «disc jockey» диск-жокей деген мағына береді) – музыка таңдап, күллі аудиторияға қойып, әуен ырғағын қадағалайтын маман иесі. Ди-джей мамандығы радио ди-джей мен клуб ди-джейі болып екіге бөлінеді.


Әу баста, диск деп музыкалық пластинка табағын айтатын. Кейінгі жылдары ди-джейлер компакт-дисктерді кеңінен пайдалана бастады.  

Бұл мерекені Америка, Канада, Ресей, Қазақстан, Украина және Батыс Еуропа елдерінің ди-джейлері кең көлемде атап өтеді.

Суреттер: ksv.su, eventenergy.ru

Ғ. Ұзақ