- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 78 жас. Қай...
78 жас. Қай елде әйелдерге қарағанда ер адамдар ұзақ өмір сүреді?
Денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша ер адамдар орташа есеппен 70 жыл өмір сүреді, ал әйелдер олардан шамамен 10 жасқа артық жасайды. Бірақ кей елдерде керісінше ер азаматтар ұзағырақ өмір сүреді.
Иордания: Бұл елдің барлық дерлік аумағын шөл алып жатыр. Осыған байланысты Иорданияда су тапшылығы және жалпы ресурстардың жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, мемлекет аумағында кедейлік пен қылмыс көп. Соған қарамастан Иордания медицинаның жоғары сапасымен мақтана алады. Иорданиядағы ер адамдар орта есеппен 78,8 жасқа дейін, ал әйелдер 77,1 жасқа дейін өмір сүреді.
Катар: Бұл мемлекет жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Катар — Таяу Шығыстағы ең табысты елдердің бірі. Аталған ел де өзінің озық медицинасымен мақтана алады. Ауруханадар жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызметтер де қолжетімді. Білікті мамандар қызмет етеді. Мұнда әйелдер шамамен 76,6 жыл, ал ерлер орта есеппен 78 жыл өмір сүреді.
Ауғанстан: Екі елмен салыстырғанда бұл елде білікті медицина мамандары аз. Өкінішке орай, мұндағы ер адамның өмір жасының елдегі патриархатқа байланысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты орташа өмір сүру ұзақтығы төмендейді. Әйелдер шамамен 63,2 жыл өмір сүреді. Ер адамдардың орташа өмір жасы — 63,3 жыл.
Т. Есқали