- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 7 қаңтар күні...
7 қаңтар күні Жерге жақын қашықтықтан алып астероид ұшып өтеді
NASA ғарыш агенттігі алдағы аптада Жер ғаламшарының жанынан алып астероид ұшып өтетінін хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, бұл астероид Гизадағы Ұлы пирамидадан да үлкен көрінеді. Жаңалықты алғашқылардың бірі болып «Все о космосе» сайты жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, Asteroid 2016 AZ8 деп аталатын аспан денесі ғаламшарымызға 7 қаңтардың таң уақытында жақындайды. НАСА-дағы реактивті қозғалыс зертханасының мамандары бұл аспан денесінің Жерге жақындауы Гринвич бойынша таңғы сағат 6:41-де, жергілікті уақыт бойынша 09:41-де деп болжап отыр. "Астероид көлемі диапазонда 170 метр және диаметрі 380 метр болады", - делінген хабарламада. Earth Impact Effects Program-ның есептеуінше, осындай көлемдегі астероидтің соққы күші тротил эквивалентінде шамамен 3300 мегатоннаны құрайды. Оның жылдамдығы – секундына 9,15 шақырым. Сала ғалымдардың болжамы бойынша, қуанышқа орай Жерде ешқандай соққы болмайды.
Еске сала кетейік, Хеопс (Хуфу), Гизадағы Ұлы пирамида - Көне Мысыр елінің ең ірі пирамидасы, сәулет өнерінің ескерткіші, «Әлемнің жеті кереметінің» біздің заманымызға дейін жалғыз сақталғаны және олардың арасында ең көнесі: оның жасы шамамен 4500 жыл.
А. Қажиев