5G желісі экологияға пайдалы. Бесінші буын ғаламторы тасымалдау саласын жеңілдетуге көмектесіп, содан экологияға бөлінер зияндық қалдық азаймақ. Осылай дейді Ericsson атты швед компаниясының мамандары.
Компанияның есеп құжатында көмірқышқыл газын азайтудың тиімді жолдарының бірі - көлік қатынасын жетілдіру, мәлімет тасымалдауды жеңілдету деп көрсетілген. Мамандардың есебінше, көмірқышқыл газын көп бөлетін негізгі төрт сала бар: олар - электроэнергетика, транспорт, өндіріс пен құрылыс. Аталмыш салалар түгелдей 5G желісін қолданысқа енгізсе, Еуропадағы CO2-ның көлемі 55-170 миллион тоннаға дейін азаймақ. Ал бұл - 35 миллион автокөлікті жолдан алып тастаумен бірдей.
Компанияның есебінше, егер Еуроодақ елдері 2030 жылға дейін бесінші буын ғаламторын өндіріске енгізсе, ауаға шығатын көмірқышқыл газының жыл сайын 550 миллион тоннасы азайып отырмақ.
"Ал 2050 жылға дейін парник газдың мөлшерін мүлде азайтуға мүмкіндік бар", - дейді зерттеу авторлары.
Ғалымдардың айтуынша, 5G желісін тартуды жеделдету қажет. Қазір әлем халқының 15 пайызы ғана бесінші буынға қосылған екен.
"Егер жылдамдатпасақ, 5G-ның климатты жақсартуға тигізер пайдасын уыстан шығарып аламыз", - деп түсіндіреді олар.