40-қа қарағанда ана атанған жұлдыздар

Жас ұлғая келе ата-ана атану баланың психикасына оң әсерін береді деген пікір бар. Себебі адам ересек болған сайын байыпты бола түседі. Мақалада біз танитын әлем жұлдыздары ішінен орта жаста ана атанған аруларға тоқталамыз.

Джулианна Мур
Алғаш рет Джулианна 37 жасында ана атанды. Ұлы Калеб дүниеге келді. Одан кейін актриса екінші бала туралы армандады және бес жылдан кейін (42 жаста) екінші жүктілікке қатысты шешім қабылдады. Лив есімі берілген кенжесі анасына өте ұқсас болып туылды.

Николь Кидман
«Мулен Руж» фильмінің жұлдызы, аустралиялық актриса Николь Кидман 41 жасында тұңғышын дүниеге әкелді. Голливуд дереккөздерінің хабарлауынша, бұған дейін актриса Том Крузға үйленген кезде түсік тастаған. Бүгінде Николь мен оның күйеуі Кит Урбан екі қыздың – 2010 жылы суррогат ананың көмегімен дүниеге келген Сандэй Роуз және Фэйт Маргареттің бақытты ата-анасы.

Холли Берри
Бүгінгі таңда Холли Берри 54 жаста, оның екі әдемі баласы бар - қызы Нала Ариэла Обри және ұлы Масео-Роберт Мартинес. Екі бала да Берри қырықтан асқанда дүниеге келген. Актриса 42 жасқа толғанда Нала дүниеге келді, ал Масео бес жылдан кейін. Берридің айтуынша, ол ешқандай арнайы операциялар мен процедураларға жүгінбеді, екі жүктілік те табиғи жолмен өткен.

Сьюзан Сарандон
«Оскар» иегері Сюзан Сарандон - үш баланың анасы. Голливуд актрисасы 39 жасында тұңғыш қызы Ева Амурри-Мартиноны дүниеге әкелді. Үлкен ұлы Джек Генри Роббинс Сюзан 43 жасында, ал Майлз Роббинс үш жылдан кейін дүниеге келген.


Ума Турман
Бүгінде "Қара мамбаның" үш баласы бар - екі қыз және бір ұл. Этан Хоук-тан дүниеге келген Майя Рэй Турман-Хоук пен Левон Роен Уманы алғаш ана атандырған балалары. Ал Розалинд Аруш Аркадин Алталун Флоренс Турман-Буссон ұзын және өте күрделі есімді үшінші қызы Турманның 42 жасында дүниеге келген. Актрисаның айтуынша, үшінші жүктілік оңай болған жоқ, кейін қалпына келу де қиын соққан. 

Сальма Хайек
Мексикалық актриса ана атануды кейінге қалдырып келді. Оның алдымен барлық мақсаттарына қол жеткізгісі келді және мансабы шарықтау шыңына жеткеннен кейін ғана тынышталып, өзін толығымен балаларға арнады. 41 жыл күткен жары Франсуа Анри Пиноға Валентина Палома есімді сәби сыйлады. Алайда, оның Холли Берриден айырмашылығы, денсаулығына сенімді емес еді. Актриса жүкті бола аламын ба деп қатты алаңдады және мамандардан көмек сұрауға дайын болды, бірақ бәрі табиғи өтті.

Гвен Стефани
Бұл әншінің келбетіне қарап, оны көп балалы ана деп айта алмайсың. No Doubt тобының бейқам солисі үш ұлдың анасы. Стефанидің соңғы жүктілігі 44 жасында болды. Кенжесі Аполлон дүниеге келді.

Ева Лонгория
Ева өмір бойы чайлдфри болды. Ол сұхбатында балалы болу үшін «тым өзімшіл» екенін бірнеше рет ирониямен айтқан. Алайда біраз уақыттан кейін актриса өз ойын өзгертті. 2016 жылы Лонгория сүйіктісі Хосе Антонио Бастонға тұрмысқа шығып, ал 2018 жылы ол Сантьяго Энрике есімді атаған баланың анасы атанды. Ол кезде Ева 42 жаста болатын.

Рейчел Вайс
Рэйчел Вайс пен оның күйеуі Дэниел Крейг Голливудтағы өз өмірін құпия ұстайтын жұптардың бірі. Алғашында ерлі-зайыптылар 2011 жылы 22 маусымда өткен үйлену тойын жасырды, ал жеті жылдан кейін папараццилер кенеттен 48 жастағы актрисаны жүкті күйінде суретке түсірді. 2018 жылдың қыркүйегінде ерлі-зайыптылардың қызды болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ нәрестенің аты мен басқа да мәліметтер әлі күнге дейін көпшілікке белгісіз. Елуге қарағанда тағы да сәби сүюге бел буған Рейчел алғаш рет 2006 жылы режиссер Даррен Аронофскиге ұл сыйлады.

Мэрайя Кэри
Мерайя 41 жасында жүкті болды және тыңдармандарына баланың әр даму кезеңін көрсетіп отырды. Күйеуі  Ник Кэннон екеуі бір күнде Монро атты қызы және Марокко деген ұлы болды. Айтпақшы, әнші өзінің жүкті болуы дәрігерлердің еңбегі екенін ешқашан жасырмаған.

Моника Беллуччи
«Кеш» босанудан қорықпаған тағы бір актриса. Теңдесі жоқ Беллуччи бірінші баласын 40 жасында, екіншісін 46 жасында дүниеге әкелді. Орта жаста болса да, екі қызы да дені сау, ешбір ауытқусыз дүниеге келді. 


Селин Дион
Канадалық әнші үшін жүктілік қиын және азапты тақырып. Өйткені, ол Нью-Йорктегі репродуктивті медицина клиникасында екі операцияны және шамамен алты сәтсіз ЭКҰ операциясын бастан өткерді. Бақытымызға орай, барлық сынақтарға қарамастан, Дион ана болу бақытын сезіне алды. Оның бірінші баласы әнші 33 жасында пайда болды, ал екінші жүктілік 42 жаста болды, содан кейін жұлдыз егіз болды.


Ева Мендес
Ева Мендес журналистерге ешқашан балалы болғысы келмейтінін айтқан. Райан Гослингпен кездескеннен кейін актриса ойын өзгертті. Әртістер фильм түсірілімі алаңында бір-біріне ғашық болды, кейін үйленіп, бүгінде жұп Эсмеральда Амада мен Амада Ли есімді екі қызды тәрбиелеп отыр. Ева үлкен қызды 40 жаста, ал кішісін 42 жаста дүниеге әкелді.