Дәл осы күні, яғни 4 қазанда Халықаралық жануарлар күнін тойлау шешімі 1931 жылы Флоренцияда өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданды. Неге дәл осы күн таңдалды? Себебі жоқ емес. 4 қазан күні жануарлардың қорғаушысы саналған католик әулиесі Франциск Ассизскийді еске алу күні болатын. Күн белгіленгеннен бастап бұл мереке кең ауқымда аталып өте бастады. Шартараптағы түрлі мемлекеттер жануарларды қорғаудың халықаралық мейрамын өз деңгейінде өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Жануарларды қорғап, сақтау үшін белгіленген бұл күннің мақсаты да жоқ емес. Қоршаған ортада саны азайып бара жатқан жануарлар мен аңдар, құстар мен басқа да тршілік иелерінің көзін жоюға қарсылық көрсетіп, олардың жер бетінде сандары азайып кетпеуіне көңіл бөлу үшін бұл салада көптеген мамандар тер төгуде. Көптеген елдерде жануарларды қорғау басты назарда болса, енді бір елдерде олардың саны қараусыз қалғандықтан азаю үстінде.
Халықаралық жануарлар күнін тойлау:
Жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау; Жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас; Өмірімізде жануарлардың маңызды орын алатынын мойындау; Қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі барын мойындау;Жануарларды қорғау саласында еңбек етіп жүрген барша маман иелерін Халықаралық жануарлар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: liveinternet.ru, blog.otkritka.com