39 жасында Францияның президенті атанған Макрон жайлы не білеміз?

39 жасында Францияның президенті атанған Макрон жайлы не білеміз?
Фото: econet.ru

Эммануэль Жан-Мишель Фредерик Макрон – француз саясаткері, Францияның 25-президенті. 2017 жылғы президент сайлауында жеңіске жетіп, Францияның әргі-бергі тарихындағы ең жас президент болып тарихқа жазылды.

Президент сайлауының қорытындысы бойынша Эммануэль Макрон 66% дауыс жинады, ал оның қарсыласы Марин Ле Пен 34% дауыс алған. Францияның жаңа президенті жайлы деректерді ұсынамыз. 

1. Ол социал-либералист, "Алға!" қозғалысының негізін салушы.

2. Ол бұрынғы банкир, нарықты бес саусағындай білетін адам. Еркін халықаралық сауда-саттықты қолдайды.

3. Үнемі кәсіпкерлердің құқығын қорғап келеді. 

4. Макронды Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд қолдаған. 

5. Оның жасы 39-да. Франция президентінің әйелі – 63 жаста.  

Р. Роза