Жерорта теңізінің Антальяға жақын жағалауынан осыдан 3600 жыл бұрын суға батқан ескі кеме табылды. Ұзындығы 14 метр су көлігінің бортында 1,5 тонна мыс құймасы болған. Зерттеушілердің болжамы бойынша, кеме Эгей теңізіне жүзіп бара жатып алапат дауылдың көтерілуінен суға кеткен.
"Қазіргі уақытта табылған кеме сынықтарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғалымдарың айтуынша, бұл су көлігі сол кезеңдегі алғашқы өнеркәсіптік тауарларды тасымалдаған", - дейді Анталья провинциясының губернаторы Мунир Караоглу.
"Akdeniz" университетінің зерттеушілерінен құралған топ мүшесінің айтуынша, бұл суасты археологиясы үшін үлкен олжа. Алдағы уақытта жұмысты толыққанды зерттеу түсу үшін қосымша археологтар тобы шақыртылмақ.
Мунир Караоглудың айтуынша, кеме бортынан табылған барлық заттар Кемер мұражайына өткізіледі. Кемер қаласы енді суасты археологиясына бай бірегей аймаққа айналмақ.