Плутонның бетінде мұхит болуы мүмкін

НАСА брифингінде Плутонның жаңа фотосуреттері көрсетілді. Онда ғаламшар мен оның серігі Харон табиғи түстерде бейнеленген, - деп хабарлайды «Россия 24».

Ғалымдар «Жаңа көкжиектер» зондының көмегімен жаңалық ашқандарын мәлімдеп отыр. Біріншіден, ғаламшарда геологиялық белсенділік белгілері, атап айтқанда, мұздықтар қозғалысы байқалған. Зерттеушілер сондай-ақ Плутонның бетіндегі қысым Жермен салыстырғанда 100 мың есеге аз екенін анықтапты. 

Сонымен қатар, алынған деректердің негізінде Плутонның бетінде мұхит болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. 

Зонд Плутонға 2006 жылы ұшырылған болатын. Ал биылғы жылдың 14 шілдесінде аппарат 12,5 мың километр қашықтықты бағындырып, межелі орынға жетті.