5 жасар бала Брюс Ли трюктерін айнытпай қайталады (видео)

Жуырда ғана пайда болған бұл видеода кішкентай бүлдіршін көрермендерді өзінің шапшаңдылығымен таңқалдырды. Ол аты бүкіл әлемге танымал философ әрі төбелес өнерінің шебері Брюс Лимен теңесті десе болады. 5 жастағы баланың аты-жөні белгісіз. Видеода балақай Брюс Лидің трюктерін айнытпай қайталайды. Оны Американың бірнеше телеарнасынан да көрсеткен екен. Сонымен енді ғана қанаты қатайып келе жатқан төбелес өнерінің шеберін бірге тамашалайық.