Топиари гүлінен жасалған тамаша пішіндер

Топиари гүлінен жасалған пішіндер қазіргі ландшафты дизайнда өте танымал. Оны қаладағы саябақтар мен бау-бақшалардан көре аласыздар. Өйткені оның әдемілігі алыстан көз тартып тұрады.

Бұл гүлді қырқып, әртүрлі пішін жасау - баяғыдан бар дәстүр. Ол үшін темір қаңқалар мен пластмассалық элементтерді пайдаланады. Сонымен қатар өсімдіктің бірнеше түрі отырғызылады. Оларға уақытымен көңіл бөліп, қарау керек. Топиари гүлі жер бетінің біраз жерінде өскенімен, Ұлыбритания мен Аустралия мемлекеттерінде ерекше бағаланады. Себебі ол жақта ауа-райы ыстық та, салқын да емес. Ал ол дегеніміз гүлдің құлпырып өсуіне нағыз қолайлы климат. Алайда ол өз бастауын ежелгі Рим мемлекетінен алады. Алғаш сол елдің бақташылары бұл гүлден түрлі пішін жасап шығарған. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға бүгінгі таңда топиари гүлінен жасалған бір топ тамаша пішінді ұсынғымыз келіп отыр.