Темір ағаш ғимаратқа танымалдық әкелді

Темір ағаш ғимаратқа танымалдық әкелді
Фото: antica.co,skyscrapercity.com

Классика үлгісіндегі өзгерістер әдетте қарапайым жұршылықтың көңілін қалдырып жатады. Себебі құрылыс компанияларының классикаға деген жаңаша көзқарастары үнемі сәтті шықпайтыны бар. Бірақ Ресей ауыл шаруашылық министрлігінің бас пәтерінің сәнін келтіріп тұрған "темір ағаш" көптің назарына ілікті. Ол Ресей Федерациясының құрамына кіретін Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында орналасқан. Архитектура шеберлері ғимаратты әрлеу үшін ерекше әдіс пайдаланған. Құрылыс нысаны осыдан бірнеше жыл бұрын аяқталыпты. Темір ағаш басты лоббиге көлеңкесін түсіріп тұру үшін ойластырылған екен.

Ғимаратты Ресейдің Антика құрылыс фирмасы салған. Фирма бұрынғы Ресей архитектурасы мен бүгінгі жаңа архитектура стилін ұштастырады. Ғимарат Қазан Кремліне қарама-қарсы бағытта тұр. Көрсең, көзің тоймайтын бұл ғимарат аса жоғары талғаммен тұрғызылған.

Н. Нұрмаханұлы