Әлемдегі ең әдемі түлкілер

Қалың ормандар мен кең алқаптарды мекендейтін түлкілердің бірнеше түрі бар. Мысалы: жирен, ақ, сұр, қара. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең әдемі түлкілерді ұсынамыз. 

Фенек

Солтүстік Африкада тіршілік ететін кішкентай фенек түлкісін үлкен құлағынан оп-оңай тануға болады. Ол осы құлағының арқасында бунақденелілердің дыбысын алыстан естіп, азығын табады. 

Жирен түлкі

Жирен түлкі – түлкілердің ең көп таралған түрі. Оны Солтүстік жарты шар мен Аустралияның барлық жерінен кездестіруге болады. Олар керек болған жағдайда 2 метр биіктіктен де аттап өтеді. 

Ақ түлкі

Ақ түлкі – жирен түлкінің бір түрі. Алайда оның терісі өте бағалы. 

Сұр түлкі

Солтүстік Америкада мекендейтін бұл түлкіні сұрғылт терісі мен құйрығындағы қара сызығынан таниды. Сұр түлкілердің басқа түлкілерден айырмашылығы – ол ағашқа өрмелей алады. 

Қара сұр түлкі

Бұл да жирен түлкінің бір түрі. Бірақ пигменттенуі басқаша болып келеді. Өз кезінде қара сұр түлкінің терісі барлық түлкі терісінің ішіндегі ең бағалысы болды. Бүгінде аң терісі өнеркәсібі бұл теріні жоғары бағалайды. 

Поляр түлкісі

Қарапайым түлкілірге қарағанда поляр түлкісі қысқа бейім болып келеді. Оның терісі -70 градус аязда да тоңдырмайды. 

Cурет: dic.academic.ru, www.fullhdoboi.ru