Жан алғыш аралар туралы біле жүріңіздер

Жан алғыш аралар өткен ғасырдың ортасында Америка аумағында пайда бола бастады. Бұлардың басқа аралардан айырмашылығы өздерінің омарталарын барлық шабуылдан қорғайды. Сонымен қатар басқа еуропалық араларға қарағанда әлдеқайда үлкен. Және олар мықты иіс сезгіш болып келеді. Шабуыл кезінде қарауылда тұрған ара барлық ара үйіріне дыбыс беріп, топ болып қарсыластарының бетін қайтарады. Олар құрбандықтарын 500 метрге дейін аңдиды. Тіпті жан алғыш аралардан судың ішінде де сақтану өте қиын. Өйткені судан шыққанын күтіп, тобырымен шабуыл жасап, бәрібір өз дегендеріне жетеді. 

Бұл аралар бүгінгі таңда көбейіп келе жатыр. Сондықтан адам өміріне қатты қауіп төндіретін жан алғыш аралардан сақтанғанымыз жөн. 

Сурет: newsru.com