Лос-Анджелесте ең кәрі деп танылған 26 жастағы екінші Тиффани атты мысық Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Мысық 1988 жылы 13 наурызда туған. Оны алты апталық кезінде иесі хайуанаттар дүкенінен 10 долларға сатып алған.
Адам жасымен есептегенде ол шамамен 125 жаста екенін атап өтеміз, деп хабарлады Lenta.Ru.
Бұл ретте мысықтың көру, есту қабілеттері жақсы сақталған, физикалық жағынан белсенді.
Мысықтың өмір сүру барысы қалыпты: мысық азығымен қоректенеді, анда-санда серуенге шығып, уақытының көп бөлігін үйде өткізеді.
Сонымен қатар, еске салсақ, 1967 жылы Техаста туған Крим Пафф деген мысық ең кәрі саналған, ол 2005 жылға дейін 38 жыл үш ай өмір сүрген.
сурет: twimg.com