Теңіздің түсі неге көк болады?

Теңіздің түсі неге көк болады?

Су түссіз емес пе? Теңіздің түсі неге көк болады? Шыны ыдысқа теңіздің суын құятын болсақ, түсі мөлдір, түссіз болып шығады. Сонда теңіздің бетіне аспанның түсі шағылысады деген сөз бе?

Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің ыдырауынан пайда болатын түс.

Су күн жарығын біркелкі өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді. Шыны ыдыста судың аз қабаты көретіндіктен сәулелердің өту айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы күн сәулесінің ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан түсі көк болып көрінеді.

Материал Балалар Әлемі сайтынан алынды

сурет: sineemore.net

Е. Қайрахан