Үндістандағы "Махаббат" ғибадатханасы туралы

Әлемде түрлі әдемі құрылыстар нысандары бар. Солардың бірі – Үндістанның Кхаджурахо қаласында салынған "Махаббат" ғибадатханасы. Бұл қалада бар болғаны 19000 адам тұрады. Ал қалаға келуші туристердің қарасы көп.

Ғибадатхана 950 және 1050 жылдар арасында салынған. Ол кезде елді Чандела әулеті басқарған. Үндістанда сол жылдары құрылыс көп болды. Тарихқа көз жүгіртсек, сол кезеңде 85 ғибадатхана салынған екен. Бірақ, ауа райының қолайсыздығының кесірінен қазір 22-сі ғана қалды.

Сурет: ru.esosedi.org