5 жасар бүлдіршін көрермендерді таң қалдырды

5 жасар бүлдіршін көрермендерді таң қалдырды

Бұл бүлдіршіннің есімі – Селин Там. Ол небары 5 жаста. Гонконг қаласында тұрады. Селин қытайлық дарындылар шоуына қатысып, «You Raise Me Up» әнін орындады. Мұндай ауыр, қиын әнді кішкентай қыз орындай алады деп ешкім ойлаған жоқ. Алайда, ол әнді өте керемет айтып шықты. Залда отырған көрермендердің қошеметі ерекше болды.

Ағылшын тілі туған тілі болмаса да, Селин әнді әсерлі қылып айтты.

Сурет: Massaget.kz

Ж. Исакаев