22 наурыз – ұлыс күні. Бүкіл мұсылман елі болып жаңа жылды тойлайтын мереке күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, жер беті бусанып, қар тігісінен сөгіліп, әлемге жасыл алқап оранған тіршілік келеді. Бұл тіршілік Самарқанның тасын жібіткен – Наурыз. Дегенмен бүгін тек мерекелік күн ғана емес. Бүгін бүкіл «Дүниежүзілік су қорлары» күні.
Аталған күн туралы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен конференция кезінде айтылған болатын. Сол жылы 22-наурыз «су қорлар» күні деп БҰҰ өз қаулысын шығарған болатын.
Су қорлары күні – қоршаған ортаны сақтау, суды тазарту, мұнай қалдықтары мен шірінділермен күресуге бағытталған күн. Біздің планетамызда су тіршілік көзі. Ол тіпті таусылмайтын минералды ресурс. Дегенмен оның ластануы және тасуы үлкен қауіп тудырады. Сондықтан қандай жағдай болмасын жіті бақылауда ұстау маңызды.