- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 22 жылдан кейін...
22 жылдан кейін табылған ғажайып қоян
Қоянның табиғатта сирек кездесетін Ili pika (Ochotona iliensis) атты тұқымы тек қана Қытайдың Тянь-Шань сілемінде кездеседі. Адам баласына бұл қоянды суретке түсіру 22 жылдан кейін ғана бұйырды. "Ғажайып қоян" деген лақап атқа ие бұл жануардың тағы бір ерекшелігі – Жер жүзінде жойылып кету қаупі бар пандалардың санымен салыстырғанда екі есе аз екен.
ВВС-дің хабарлауынша, ең алғаш рет бұл жануарды 66 жастағы табиғатты қорғау қызметкері Ли Вэйдун кездестіріпті. 1983 жылы демалыстағы Ли Вэйдун тұмсығы қонжықтың тұмсығына ұқсайтын табиғаттың сүйкімді жаратылысын тауып алып, Ili pika деп атау берген. Оның сөзіне қарағанда, бұл жануардың тек Қытайда мыңға жуығы ғана кездеседі екен.
«Мен үнемі тауға шығатын едім, бір күні кішкентай ғана жануардың әрлі-берлі шауып жүргенін көзім шалып қалды. Жерге отыра кетіп, оны бақылап, бағумен болдым. Сөйтіп, тастардың арасынан қоянның құлағын көрдім. Ол маған қозғалмай қарап отырды, дәл осы сәтте әлемде бұдан асқан сүйкімді жануар жоқ шығар деп ойладым», – дейді Ли Вэйдун Ili pika-ны кездестірген сәтін еске алып.
Тастан тасқа секіріп жүретін бұл қоянды осы уақытта дейін суретке түсіру мүмкін болмаған. Себебі, көзге көп көріне бермейтін көрінеді.
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы