Әлемнің бас ғалымдары тізе қосып, 2050 жылдың қарсаңында жер шарындағы халық саны 9,731 миллиард адамға жететіндігін хабарлады.
Жарияланған құжатқа сәйкес, 9,731 миллиард халықтың ¼ бөлігі Африка жерінде орналасатын болады. Нақтырақ айтқанда, 2,435 миллиард адам Африка құрлығында өмір сүреді. Алайда халық саны бұрынғыдай Азия құрлығында басым болмақ. Ол уақытта мұнда 5,284 миллиард тұрғын өмір сүретін болады.
Француз ғалымдарының зерттеуінше, Еуропа халқының саны 740 миллионнан 726 миллионға дейін азаяды. Мұнымен қатар, Америка құрлығында халық саны 1 миллиардқа дейін көбейіп, жер шарының екінші бөлігінде 1,228 миллиард адам тұратын болады.
Бүгінгі таңда жер бетінде 7,141 миллиард адам өмір сүріп жатыр. Зерттеулердің қорытындысы бойынша, 2025 жылы халық саны 8,1 миллиардты құрап, 2050 жылы 9,6 миллиардқа жететін болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fact.ru