- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 2012 жылдың ең...
2012 жылдың ең биік ғимараттары
Жуырда 2012 жылдың ең биік ғимараттарының тізімі жасалды. Мамандардың айтуынша, 2012 жылдың қорытындысы алдыңғы жылғыдан ерекшеленбейді екен.
Әлемдегі ең биік ғимарат деген мәртебеге 2010 жылдың 4 қаңтарында ашылуы өткен Бурдж Дубай ие болды. 828 метрлік ғимаратта 160 қабат бар.
Бурдж Дубай бой көтергенге дейін бұл атақ Taipei 101 үйінің құзырында болатын. Taipei биіктігі - 509 метрді құрайды.
Сарапшылар көз алдыңыздағы бүкіләлемдік сауда орталығы үйін жылдың ең биік ғимараттарының тізіміне қосыпты. Алғашында "Бостандық мұнарасы" аталған 541 метрлік сарай жөндеу жұмыстары жүргізілген соң АҚШ-тағы ең биік үйлердің көшін бастайтын болады.
Шанхайдағы бүкіләлемдік қаржы орталығы - Қытайдағы ең биік ғимарат. Хуанпу өзеніне жақын орналасқан сарай 2008 жылдың 28 тамызында ашылған болатын. 492 метрлік ғимаратта 101 қабат бар.
Zifeng Tower атын иемденген Нанкиндегі қаржы орталығы 2009 жылы желтоқсан айының он тоғызыншы жұлдызында ашылған. Биіктігі - 457 метр.
АҚШ-тағы ең биік мұнара - Уиллистің биіктігі 441 метрге жетеді. Мұнара 1973 жылы тұрғызылған.
"Петронас" – Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі аспанмен таласқан 88 қабатты биік ғимарат. Мұнаралардың биіктігі 450 метрден асады. Атақты ғимарат ислам стилінде тұрғызылған, пішінінің үлгісін Малайзия премьер-министрі - Махатхир Мухаммедтің өзі ұсынған. Петронас мұнараларының құрылысы 6 жылға созылған.
Гонконгтегі халықаралық қаржы орталығының биіктігі 415 метрге жетеді.
Суреттер:omyworld.ru,100wonders.ru,foto-moscow.net,forbes.com,made-by-man.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева