Бұл оқиға 1954 жылы әлемдегі барлық БАҚ өкілдерін шулатқан жаңалық болды. Чилилік қорғаушы Хенаро Гахардо Вера Талка жылжымайтын мүлік агенттігінде Айды өз атына ресми түрде тіркеп алады. Оқиға былай болған... Гахордоның қызығушылығы жан-жақты, бір сөзбен айтқанда сәл қиялилау адам болды. Ол ғаламшараралық телескоп бірлестігін құруға көп күш жұмсаған. Бірлестіктің негізгі міндеттерінің бірі өзге ғаламшардан келетін қонақтарды күтіп алатын топ құру болатын. Сол себепті де қала тұрғындары Талка клубын құрып, оған мүше болғысы келген адамдардың жұмысы жақсы, әлеуметтік жағдайы тәуір және жылжымайтын мүлікке ие болуын талап етті. Бір күні Хенароның басында қызық идея пайда болды. Ол Айды өз атына тіркеуге ниет етті. 1954 жылы 25 қыркүйекте бұл ойын Талка нотариусына айтады. Өз ниетіне жету үшін Гахардо Вера 42 мың песо төлейді және бұған Талка клубы мүшелері де қарсылық білдірмейді. Осылай ол әлемдегі барлық БАҚ өкілдерін шулатты. Осыдан соң хабарды салық комитеті де есітеді. Мүлік салығын өндіру үшін олар Гахардоға барады. Хенаро мүлік салығын төлеуге дайын екенін, бірақ барлығы да заң бойынша жүзеге асуын талап етеді. Ал, заң бойынша салықтың суммасын анықтау үшін мүлік тұрған орынға бару керек. Оның бір-ақ жолы ғарышқа шығу еді... Хенаро Гахардо Вера біз осы уақытқа дейін жердің серігі деп келген айдың заңды, нағыз иесі болып шықты.