- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 17 жылдан кейін...
17 жылдан кейін жаһандық жылынуды тоқтату мүмкін емес болады
Егер адамзат алдағы 17 жыл ішінде жер бетіндегі ауа-райына деген көзқарасын өзгертпесе, Жер атмосферасындағы өзгерістерді кейін тоқтата алмайды. Ал ауаның орташа температурасы + 2 градустан асып кетуінің алдын алу мүмкін емес болып қалады.
Бұл туралы Утрехт университеті ғалымдары "Earth System Dynamics" журналына көлемді мақала жариялады. Ауа райының ысуына байланысты ұйымдастырылған 2015 жылғы "Париж келісімі" – парниктік газдар шығаруды қысқартуды көздейтін келісім еді.
Ғалымдардың пікірінше, атмосфераның антропогендік әсерінің төмендеуі Жер температурасының өсуін шамамен 2 градусқа дейін сақтайды, ал қазір жердің температурасы оның алдындағыдан 1 градусқа жоғары.
Зерттеушілер климаттың өзгеруі туралы математикалық модуль жасады. Нәтижесінде ғалымдар адамзат алдағы 17 жылда парниктік газдар шығаруды қысқартпаса, Париж келісімі жүзеге аспай қалатынын дәлелдеп шықты.
Т. Раушанұлы