- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 150 жылға сотталған...
150 жылға сотталған алаяқ
2009 жылы Бернард Мейдофф есімді алаяқ сот шешімімен 150 жылға сотталған екен. Ол салым қоры деген жалған ақпаратпен ашқан компаниясы арқылы көптеген адамдардың ақшасын жымқырған.
Қаржы саласындағы ең ірі алаяқтық туралы The Wizard of Lies ("Суайт сиқыршы") фильмі түсірілді. Жақында ғана трейлері шыққан жаңа туындыда басты рөлді керемет актерлік харизмасымен көпшіліктің жүрегінен орын алған Роберт Де Ниро сомдайды. Актердың келбеті фильмдегі кейіпкері - Уолл-стрит тарихындағы ең үлкен қылмыскер Мейдоффке қатты ұқсайды.
Кинокартина түсіріліміне Де Ниродан басқа Мишель Пфайффер, Нэйтан Дарроу, Хэнк Азария, Кристен Коннолли сынды актерлер де жұмылдырылған. Фильм режиссері – Барри Левинсон.
Мамандардың айтуынша, Мейдофф негізін қалаған қаржы пирамидасы – адамзат тарихындағы ең ірі алаяқтық. Одан 3 миллионға жуық адам және жүздеген ірі қаржы ұйымдары зардап шеккен. Алаяқ жалпы саны $ 64,8 миллиард қаржы жымқырған.
А. Оралқызы