Біртүрлі байқаулар

Назарларыңызға әлемнің әр жерінде болатын ең ерекше байқауларды ұсынамыз.

Боди-арттан өтетін халықаралық жарыс



Жыл сайын Аустралия елінде боди-арттан жарыс өтеді. Жарысқа қатысушылар оған аса қатты мән беріп қарайды екен...

Башпайлар күресі



Осы бір тартысты халықаралық жарысқа қатысу үшін бір-ақ нәрсе жеткілікті – башпайлардың ширақ болуы.

Сүттің болашағына қатысты байқау


Болашақта сүт сақтайтын қойманың қандай болатыны жайлы ойланып көріп пе едіңіз? Ал әлемде осы бір маңызды мәселенің шешімін табу үшін уақытын аямайтын адамдар бар екен.

Төсек үстінде секіру жарысы



Мұндай жарыстар да бар болып шықты.

Экстремалды үтіктеу 



Жарыс шарты – өте экстремалды жағдайда үтіктеу болып саналады.

Ғарыш шығармашылығы байқауы 



Бұл байқауға ең ерекше ғылыми-фантастикалық суреттер қатысады.

Нэйтанс хот-догтарын жеу бойынша жарыс 



Хот-дог жеу бойынша өтетін бұл жарыс жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазіргі таңдағы рекорд бойынша, 12 минут ішінде 66 хот-дог желінген.

Қара пудинг лақтыру бойынша халықаралық жарыс 



Аңыз бойынша, он бесінші ғасырда Йорк пен Ланкастер соғыс майданында кездесіп қалып, оқтары бітіп қалған соң, аспен атыса бастаған. Әлі күнге дейін адамдар жыл сайын қара пудингпен атысып келеді.

Картоп зеңбірегін жасау бойынша жарыс


Картоп зеңбірегін жасап шығу бойынша өтетін бұл жарысқа кейде тіпті атақты адамдар да қатысып тұрады екен.

Сақал мен мұрт бойынша халықаралық чемпионат


Бұл жарыс әлемнің бірнеше елдерінде ұйымдастырылып тұрады екен.

Шахмат бокс 



Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бұл түрі жайлы біз бұған дейін де жазған болатынбыз. Аталған жарыс түрі спортшылардан тек қара күшті емес, сонымен қатар ақылды да талап етеді. Қатысушылар шахмат пен бокс раундтарын алмастырып отырады.

Сағыз үрлеу жарысы



Әлемнің көптеген жерлерінде сағыз үрлеу жарысына қатысқан Чад Фелл бүгінде рекордшы болып саналады. Ол диаметрі 50 сантиметрге жететін көбік жасай алған.

Купер төбесінен түскен ірімшікті ұстап алу жарысы 



Көз алдыңызға төбеден сырғып бара жатқан ірімшікті ұстап алу үшін жүгіріп жүрген 30 ересек адамды елестетіп көріңізші. Айта кетсек, бұл жарыс жыл сайын Англиядағы Купер төбесінде өтеді екен.

Тым аласы бойлыларды лақтыру



Кей елдерде балаларды биіктен лақтырса, кей елде ересек адамды аспанға ұшырады. Аталған жарысқа қатысу үшін бар болғаны өзін лақтыруға келісімін берген аласа бойлы адам керек.

Құстардың би жарысы 



Кейбір адамдардың құстары тіпті билей де биледі екен.

Жеуге жарамды қайық жасау жарысы



Жарыстағы жалғыз ереже – қайықтар 100 пайызға жеуге жарамды заттардан жасалуы тиіс.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru